Еліміздегі инфляция дәлізі 8-10%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, — деп хабарлайды Ozgeris.info порталы.
«Ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт 72,2 миллиард долларға дейін өседі. Импорт 40,2 миллиард доллар болады. Инфляция 8-10 пайыз дәлізінде анықталады.
Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде бюджет кірісінің болжамы нақтыланды. 2022 жылы республикалық бюджеттің кірісі 10,1 триллион теңгеге бағаланып отыр, бұл бекітілген жоспардан 955 миллиард теңгеге жоғары», — деді Қуантыров үкімет отырысында.
Министрдің болжауынша, кірістер бойынша негізгі өсім мұнайдың болжамды бағасының өсуі, теңгенің долларға қатысты бағамының өзгеруі және макроэкономикалық көрсеткіштердің артуы есебінен корпоративтік табыс салығы аясында баж мөлшерлемесінің артуы есебінен мұнайға экспорттық кедендік баж бойынша күтіледі.
ПІКІР ЖАЗУ