Қызылордада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген саябақты қалпына келтіруге 13 миллиард теңге жұмсалмақ. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында жазылған.
«Тапсырыс беруші – Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ; атауы – тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды/үй-жайларды қайта құру жұмыстары; қосымша сипаттама – «Қызылорда қаласындағы Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту»; жоспарланған сома 13 миллиард 120 миллион 508 мың 659 теңге», – делінген хабарламада.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 2025 жылы 8 қаңтардан 24 қаңтарға дейін жүргізіледі.
ПІКІР ЖАЗУ