Авиакомпания 2024 жылғы 28 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 27 қаңтарға дейін Екатеринбургке ұшпау туралы шешім қабылдады. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұшулар тоқтатылады. Мұндай шешім Ресейге ұшу тәуекелдерін тұрақты түрде бағалау қорытындысы бойынша қабылданды.
«Авиакомпания қазіргі уақытта QAZAQ AIR тәуекелдерін бағалау критерийлеріне сәйкес келетін Омбы мен Новосібірге рейстерді орындауды жалғастырады. Екатеринбургке авиарейстерді қайта бастау қауіптерді қайта бағалау қорытындысы бойынша жүзеге асырылады», — делінген авиакомпания хабарламасында.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына авиабилеттердің толық құнын қайтаруға және QAZAQ AIR баламалы рейстеріне тегін қайта брондау ұсынуға уәде беріледі.
ПІКІР ЖАЗУ