Қазақстанда кедейлік шегі 2025 жылдан бастап жаңаша есептеледі

ФОТО: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың бұйрығымен Қазақстанда кедейлік шегі 2025 жылдан бастап жаңа жолмен есептелетін болады.

«2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кедейлік шегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептелген орташа табыстың 35% мөлшерінде, бірақ көрсетілген тоқсанға есептелген өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% -ынан төмен емес мөлшерде айқындалатын болады», — делінген хабарламада.

Бұған дейін ол мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде есептелген болатын.

Бұйрық 2025 жылғы 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.