Ақтау маңындағы әуе апаты: Ұшақтың құлау себебі аталды

Фото: orda.kz

Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақтың құлау себебі аталды, деп жазады ozgeris.info тілшісі.

Төтенше жағдай «Қазаэронавигация» мекемесінің құспен соқтығысуы және рульдік басқарудың бұзылуы салдарынан туындаған.

«Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар», – деп хабарлады ҚР ТЖМ.