Алматыда 20 жастағы спортшы өлі табылды

Фото: massaget.kz

Алматыда 20 жастағы спортшы өлі табылды. Кейбір БАҚ мәліметінше, қаза тапқан жігіт — кикбоксер Әли Серік, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Massaget.kz жазуынша, Наурызбай аудандық Полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған.

Қылмыстық қару тәркіленді.

Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.