Қазақстанда жетім балалардың саны 21 мың сәбиден асқан

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда жетім қалған және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың санын жария етті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, дәл бүгін Қазақстанда бұндай бүлдіршіндердің саны 21 387 бала.

«Бұл балалардың ішінде 17 660 бүлдіршінді отбасылар асырап алған.  Еліміздегі жетім балалардың 82% өз еліміздің азаматтары қамқорлығына алған. Биыл 3 мыңнан астам бала отбасы тәрбиесіне берілді», — деп хабарлайды министрлік.