Желі қолданушылары Үкімет сағатында Air Astana басшысы Питер Фостерді сынап тастаған депутат Еділ Жаңбыршиннің өзін сынап тастады, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Dalanews.kz-ке сілтеп.
Журналист Серік Хасенов Facebook парақшасында Жаңбыршиннің «ерлігі» туралы жазды.
«Ең бірінші Жаңбыршиннің надандығы туралы. Әрине, ұлтшыл, комплексқа толы адам үшін бұл жәй ғана сөз… Ол тұтас бір континентті қорлап сөйледі ғой негізі… Бір еуропалық отырып, біз түркі халықтары сияқты диктаторлардың жеке меншігі емеспіз десе қалай? Шамыңызға тиема? Сол депутатты сол күні итжеккенге айдап жіберетін еді өздері… себебі, ол сау қоғам ғой… тұтас бір континентті абориген деп кемсіткен адамға тамсанып біз отырмыз… сөйтіп жүріп адам болғымыз келеді еще…
Екіншіден мен бұл жерде Жаңбыршиннің көздегені не деген сұраққа баса назар аудару керек деп есептеймін. Егер әуекомпаниясы бірдеңені дұрыс жасамаса, оны реттеу керек мемлекеттік жауапты органдар бар ғой. Неге соны қозғамайды? Олар неге жұмыс істемей отыр. Кім-кіммен ауыз жаласқан деп неге зерттеу жасап, факт жинап келмейді… түбі стрелка АП-ға не тигрға әкелетінін бәрі біледі… оған сіздердің «ерлік жасағыш» депутаттарыңызда көтте, білімде жоқ… Үшіншіден ол кісі «Бізді халық сайлады, мына жерде отырғандар халық қалаулылары» деді. Біздің елде ешқандай әділ сайлау жоқ. Ол жерде тағайындалғандар ғана. Оны өздеріде біледі ғой…», — дейді журналист.
Мен осы жерде бір ғана дүниені ескерткім келеді. «Арселлор Митталдың» қалай қолдан қолға көшкенін бәрін білеміз ғой… аяқ асты бір «батырлар» дәл осылай мінберден шүйлігіп, қаншама шахта аяқ асты жарылып қаншама адам көз жұмды… бәрі сценарий бойынша тез-тез жасалды ғой… содан мә саған, мә маған бір басшының орнына екіншісі келе салды… бірақ, одан халыққа пайда болмады…
«Фостерге компаниясының кемшілігін айтамын деп енді арпылдаған, дарақы «мәдениетсіз депутат» болыппын. О, дүние-ай, қайтейін! Үндемей, түйеқұсқа ұқсап, құмға басымды тығып, «мәдениетті депутат» болғаннан көрі, осындай «мәдениетсіз депутат» болғаным артық! Кейде ондайларға «қыртымай, менің орныма келіп отырып көріңдер», — дегім келеді, мысли вслух қылып! Бірақ айтпаймын, а то одан сайын «мәдениетсіз» болып кетемін ғой!», — деп жазды Мәжіліс депутаты.
Еділ Жаңбыршин депутаттардың алдына алғаш рет келген Питер Фостерге бірқатар ескерту жасап, халықтың жағдайын ойлауға шақырды. Жаңбыршин депутат Самат Мұсабаевпен бірге ұшақ 1 сағат кешіксе, үш пайыз айыппұл салатын норма енгізгенін, алайда айыппұл өндіріп алу қиын екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ депутат Air Astana-ның бүкіл мультимедиасы өзге тілдерде екенін айтты.
ПІКІР ЖАЗУ