Қазақстандық пойыздарда интернет пайда болады

Фото: inbusiness.kz

Қазақстандық пойыздардағы интернет 2025 жылдың басында пайда болады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин Мәжілістегі үкімет сағатында мәлімдеді.

Ол өткен жылы республикалық жолдардың бойындағы «ақ дақтар» бойынша талдау жүргізілгенін айтты.

«Талдау негізінде біз қосымша антенна-діңгек құрылыстарын орнату қажет 243 нүктені анықтадық. Қазір әкімдіктер жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуде. 80-ге жуығы жүзеге асырылды. 2025 жылы республикалық маңызы бар жолдардағы «ақ дақтар» жойылады. Сондай-ақ жергілікті деңгейдегі жолдарды талдау басталды, оның нәтижелері ескеріліп, жоспарға енгізіледі», — деп толықтырды Коняшкин.

Оның айтуынша, темір жол пойыздарында интернеттің оңтайлы нұсқасын таңдау үшін түрлі технологияларға талдау жүргізілді. Ең оңтайлы нұсқа ретінде ол төмен орбиталы жерсеріктер арқылы интернетті атады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит