Талғат Мұратов Семейдің жаңа әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Бесқарағай ауданын басқарған, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Бұл тағайындау туралы бүгін, 23 желтоқсанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында белгілі болды. Талғат Мұратов 2022 жылдың қазан айынан бері Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарып келген.
Бүгін, 23 желтоқсанда облыс әкімдігі Нұрбек Қошқарбаев Бесқарағай ауданының әкімі болып тағайындалғанын хабарлады.
ПІКІР ЖАЗУ