Goldman Sachs инвесторларға АҚШ доллары жақын арада әлемдік валюта резервтеріндегі үстемдігінен айырылуы мүмкін екенін ескертті, — деп хабарлайды Ozgeris.info порталы.
Банк сарапшылары АҚШ пен оның одақтастары Ресей Орталық банкін шетелдік резервтерге қолжеткізу мүмкіндігінен айырғанын, бұл басқа елдердің де долларды қолдануын азайту қаупін тудырғанын атап өтті.
Tengrinews.kz мәліметінше, сарапшылар доллар британ фунты төңірегіндегі жағдайға ұқсас бірқатар проблемаларға тап болды. Ол бір кездері ең үлкен резерв валюта болған, бірақ ХХ ғасырдың ортасында оны доллар ығыстырды. Бұл Ұлыбританияның Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қарыздарына байланысты делінген.
Ozgeris.info порталы
ПІКІР ЖАЗУ