Павлодар облысындағы аудан әкімдері арасында жаңа үрдіс пайда болды. Ол — жергілікті атқа мінерлердің жаңа кроссовер тізгіндеуге құмартуы, деп жазады ozgeris.info тілшісі.
Жоғарыдағыдай мәлімдеме жасауымызға себеп болған Баянауыл және Павлодар ауданының әкімдіктерінің мемлекеттік сатып алу сайтында бірдей сипаттамадағы және сомадағы хабарландырулар жариялауы болып отыр. Екі аудан әкімдігі де 2024 жылдан кешікпей 21 миллион 700 мың теңгеге жаңа кроссовер сатып алуды мақсат тұтқан.
Павлодар ауданының әкімі — Дидар Елубекұлы Ибраев
Ол бұл қызметке облыс әкімі Әбілқайыр Байхановтың тұсында Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы болып жүріп келген.
Баянауыл ауданының әкімі — Ардақ Ануарбекұлы Ксентаев
Әкімнің Павлодар облысының қазіргі басшысы Ә. Байхановпен тікелей байланысы туралы нақты дерек жоқ. Алайда, А. Ксентаевтың әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларындағы белсенділігі оның Байхановқа лоялды екенін көрсетеді. Екі әкімді де бұл қызметке тікелей Байхановтың өзі тағайындаған.
Екі әкімдік берген хабарландырудағы техникалық сипаттамалары да бір-біріне өте ұқсас. Бірақ Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Ксентаев жаңа көлігінде балалар креслоларына арналған орындықтар болуын талап етіп отыр.
Әкімдердің бұл көліктерге жұмсамақшы болған қаржысы олардың бірнеше беделді маркадағы автомобильдерді сатып алуына мүмкіндік береді. Тіпті, кейбір маркаларды таңдап, қалған соманы үнемдеп қалуға да болады. Мысалы:
1. Hyundai Santa Fe;
2. Toyota RAV4 Prestige+;
3. Li L6;
4. Kia Sorento.
ПІКІР ЖАЗУ