Риддер жылу орталығындағы жарылыстан зардап шеккендер Өскеменге жеткізілді

Фото: Pixabay.com

Кеше Риддер қаласындағы жылу электр орталығында штаттан тыс оқиға болған еді. Газбен дәнекерлеу жұмыстары кезінде газ-ауа қоспасы жарылып, 6 адам зардап шеккен, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Қазіргі уақытта олардың үшеуі Өскеменге жеткізілді. Қалғаны Риддерде дәрігерлердің бақылауында.

«Оқиға орнына Өскеменнен реаниматолог пен травматолог мамандары бар медициналық бригада келді. Олар ең ауыр жарақат алған үш адамды облыс орталығына жеткізу туралы шешім қабылдады. Медицина қызметкерлері барлық қажетті шараларды қабылдауда. Науқастардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланды», — дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев.