«Ауыр жарақат алған»: Боксшы Сәкен Бибосынов пышаққа түсті (ФОТО)

Фото: ҰОК

Боксшы Сәкен Бибосыновтың аяғына ота жасатқаны белгілі болды. Бұл туралы боксшы әлеуметтік желіде сурет жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Ота сәтті өтті. Ер жігіттің басына нелер келіп, не кетпес», — деп жазды ол.

Сәкен Бибосынов Азия чемпионаты кезінде ауыр жарақат алған.

«Азия чемпионатында рингке шығардың алдында бес минут бұрын жарақат алдым. Шегінуге жол жоқ, шаршы алаңға ауырсынуды басатын мазь жағып, жарақатпен шықтым. Сол себепті өзім ойлағандай ойын өрнегін көрсете алмадым. Елге оралған соң МРТ-ға түсірсек, аяғымның екі жерінең сіңірі жыртылып кеткенін анықтадық.

Сондықтан аяғыма операция жасаттым. Енді бір немесе бір жарым ай көлемінде қайтадан жаттығуды бастаймын», — деді Бибосынов.