Күніне 3 мандариннен артық жеуге болмайды – дәрігерлер кеңесі

Мандарин – мерекелік көңіл-күй сыйлайтын ең танымал жемістің бірі. Ол иммунитетті нығайтып, коллаген түзілуіне көмектесіп, тіндерді қалпына келтіруге ықпал етеді. Алайда дәрігерлер мандаринді шамадан тыс жеу қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді.

Мамандардың айтуынша, күніне үш мандарин жеу – қауіпсіз. Бұл мөлшерде мандариннің барлық пайдалы қасиеттері ағзаға оң әсер етеді. Бірақ күніне үш мандариннен көп жеу денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.

Мұндай артық тұтыну гипервитаминозға – ағзада С витаминінің шамадан тыс жиналуына әкелуі мүмкін. Оның салдары әртүрлі болуы мүмкін:
— Аллергиялық реакциялар (тері қышуы немесе бөртпе);
— Асқазан-ішек жолдарының жұмысының бұзылуы (қышқылдың көп бөлінуінен);
— Тіпті ауыр жағдайларда Квинке ісігі сияқты қауіпті асқынулар туындауы ықтимал.

Дәрігерлер әсіресе балалар мен аллергияға бейім адамдарға мандаринді шектен тыс жемеуге кеңес береді. Сонымен қатар, мандаринді аш қарынға жеуден аулақ болу қажет, себебі бұл асқазанның шырышты қабығын тітіркендіруі мүмкін.

Егер мандаринді қалыпты мөлшерде жесе, ол денсаулыққа пайда әкеліп, қыс мезгілінде ағзаға қажетті дәрумендер қорын толықтыруға көмектеседі. Бірақ кез келген нәрседе шектен шықпау маңызды екенін ұмытпаған жөн.