«Үлкен ұлы жылап тұр»: Айқын мен Жұлдыздың жаңа бейнебаяны жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/zhuldyzomirgali_official

Танымал өнерлі жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидың су жаңа бейнебаяны ел талқысына түсті, деп хабарлайды ozgeris.info.

“Жаңа бейнебаян Youtube-қа шықты. Үйлену тойымыздың видеосы. Кім лүпіл басып, жақсы пікір жазады соған 2025 жылы жақсылық келеді”, – деп жазды Айқын.

Желі қолданушылардың назарын әншінің үлкен ұлы аударды. Көпшілік оны көңіл күйінің жоқ екенін болжап жатыр.

“Үлкен ұлының жылғасы келіп тұр”, “Балалар анасын тастап, басқа әйелге кеткен әкесіне реніші бар сияқты”, “Бірінші әйелін де клипке түсіріп, көп ұзамай ажырасып кеткен” деп жазды көпшілік.

Алайда өнер иесі оқырман қауымның жазғандарына шынайы жауап берді.

“Балам Жұлдызды екінші анасы ретінде баяғыдан қабылдап қойған. “Тойға барамын” деп өзі сұранды. Сол жерде қалжыңдасып, кассаны жинап отырды. Білмесеңіз, бекер жазбаңыз”, – деп жауап қатты Айқын.