Астана соты министр шешіміне қарсы шыққан мектеп түлегінің арызын қанағаттандырмады

Фото: Pixabay.com

Астанадағы соты биыл мектеп бітірген түлек Медина Майсардың ғылым және жоғары білім министрлігінің үстінен түсірген арызын қанағаттандырмады, деп жазады ozgeris.info.

Бойжеткен министрліктің көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі мектеп түлектеріне квота беру туралы бұйрығын заңсыз деп тануды сұраған. Бұл туралы «Власть» сайты жазды.

ҰБТ-дан жоғары балл жинап, гранттан қағылған түлектер министрліктің шешіміне наразы болған еді. Сот министрліктің грант бойынша бұйрығы Мединаның қандай да бір құқығы мен заңды мүддесін бұзбайды деген қорытындыға келіп, оның талабын орындаудан бас тартты. Оның қорғаушысы «сот шешіміне келіспеймін, оған шағым түсіремін» деп мәлімдеген.

Биыл гранттың 20 пайызы су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы түлектерге берілген. Даудан соң министрлік мектеп түлектеріне қосымша грант бөлді.