«Тәуелсіздік күні ұлын тәуелсіздігінен айырды»: Мұхамеджан Тазабек келін түсірді (ВИДЕО)

Фото: ашық дереккөз

Белгілі айтыскер ақын, дінтанушы Мұхамеджан Тазабектің отбасында қуанышты жағдай болды. Қоғам қайраткері Тәуелсіздік күні ұлының үйлену тойын дүркіретіп өткізген, деп жазады ozgeris.info.

Мұхамеджан Тазабек тұңғыш ұлының үйлену тойын Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткізген. Дүбірлі шараның ұйымдастыруымен белгілі продюсер Маржан Сәдуақасова айналысқан, деп жазды nur.kz.

Ол Instagram-дағы парақшасында көпшілікке дайындық барысын және тойдың қалай өткенін көрсеткен. Мұхамеджан Тазабектің қуанышында бірқатар танымал тұлғалар болды. Олардың арасында Бекболат Тілеухан, «МузАрт» тобы, Қуандық Рахым, Альбина Шардарова және т.б. бар.

Оған қоса той иесінің өзі де әлеуметтік желіде белсенділік танытып, оқырмандарына тойдағы қызықтарды айтып берді. Мұхамеджан Тазабек ұлының үйлену тойындағы қонақтарға арналған ерекше сыйлықтарын көрсетіп, олардың мән-мағынасын түсіндірді. Сонымен қатар дінтанушы ел алдында сөз сөйлеп, үлкен өмірге қадам аттаған жастарға ақыл-кеңесін берді.

«Жігіт үйленгеннен кейін өз проблемасын, өз отбасының (жұбайы, бала-шағасы) проблемасын өзі шешуі қажет. Әкеге баланың бойұсынуы ол басында болуы керек. Қасына жары келгеннен кейін өз мәселесін өзі шешуі керек. Оның өміріне әке-шеше араласа бергеннен ештеңе шықпайды», — деді Тазабек.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!