14 желтоқсанда Владимир Курдюков пен Михаил Дуля қаладан шығып, Темір ауданына балық аулауға кеткен, деп хабарлайды ozgeris.info.
Полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, екі азаматтың мәйітін өзеннен тапты.
«Полиция жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 1971 жылы жәе 2003 жылы туған екі азаматтың денесін тапты. Олар Темір ауданындағы Кенжәлі өзеніне батып кеткен. Сүңгуірлер олардың денесін автокөлік салонынан алып шықты. Алдын-ала дерек бойынша «Нива» автокөлігі жоғары жылдамдықпен келе жатып, көпірден өзенге құлап кеткен. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді Ақтөбе облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ПІКІР ЖАЗУ