«Торғайдың миындай ми жоқ»: Тойда тілек айтқан Ермахан Ырырайымов елден сөз естіді (ВИДЕО)

Фото: ҰОК

Әлеуметтік желіде бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың тойда айтқан тілегі тарады, деп жазады Ozgeris.info

«Керемет жұп! Күйеу бала көзіне көзілдірік тағыпты. Соған қарағанда ақылды секілді. Бірақ спортшы емес екені анық. Тоғыз айдан кейін ұл не қыз туады. Кім туса да маған әкеліңдер, бокстан Олимпиада чемпионы шығарамын», — дейді Ермахан Ыбырайымов тойда жас жұбайларға тілек айтып тұрып.

Спортшының бұл тілегі әлеуметтік желіде хит болып жатыр. Әртүрлі пікірлер жазылған.

«Алжыған қақпас», «Бастан кеткен ғой», «Жақсы боксшы, бірақ жақсы адам емес», «Не айтып тұрғанын өзі білмейді», «Мықты боксшы, ақымақ адам», «Торғайдың миындай ми жоқ», — деді олар. 

Айта кетейік, алдағы 1 қаңтарда Ермахан Ыбырайымов 53 жасқа толады. Ол бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от beksports (@beksports.kz)