«Ренжісіп, ақшаға таласқан»: Сырым Исабаев әнші Қайратпен арада не болғанын айтып берді

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық әнші Сырым Исабаев Қайрат Нұртаспен қандай қарым-қатынаста екенін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Сырым Исабаев көпшілік көкейінде жүрген сұраққа «1001 түн» бағдарламасында жауап берді. Ол бүгінде Қайрат екеуіне қатысты айтылып жатқан қауесеттерді жоққа шығарды.

“Қайрат екеумізге айтылған әңгіменің бәрі жалған. «Ренжісіп қалыпты, ақшаға таласыпты» деген сөздердің бәрі өсек. Мен 10 жылға жуық өнерден кетсем де, өнердегі достарымды сақтап қалдым. Қайрат та жеке әнші болып танылды. Мен де ән айтып жүріп, Қайраттың анасының көзіне түсемін. Сондай кезде дуэт жазу идеясы ойға келеді. Бір жыл ішінде бірнеше ән жазып, бейнебаян түсірдік. Біздің дуэтімізге менің әкем демеуші, Қайраттың анасы продюсерлік етті. Жобаларымыздың бәрі халықтың көңілінен шықты. Қайраттың таланты керемет. Қанша жыл сахнада жүр, әлі де берері көп азамат. Қайратпен жұмыс істеу өте жеңіл болды», — деді ол.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…