Павлодардағы «Майқайыңалтын» АҚ кенішінде жұмысшы қаза тапты. Оқиға бүгін күндізгі уақытта болған, деп хабарлайды ozgeris.info.
Жұмыс барысында тиеу-тасымалдау машинасының жүргізушісі кері шегінген кезде жұмысшыны қағып кеткен. 1992 жылы туған ер адам ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Облыстық еңбек инспекциясы оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын айтты. Қазіргі уақытта арнайы тергеу басталды.
ПІКІР ЖАЗУ