Бұрынғы резиденцияның орнына стадион, үлкен мешіт және балалар алаңдарын салу жоспарлануда. Аумақ қаланың бас жоспарына енді. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Lada.kz сайтына сілтеп.
Ақтау қаласындағы президенттің бұрынғы резиденциясында жер телімін сату мәселесі облыс әкіміне оның тұрғындармен кездесуінде қойылды. Аймақ басшысы айтып өткендей, 225 гектар жер учаскесінде он мың орындық стадион, мешіт, балалар алаңдары, сондай-ақ жағалауда шағын және орта бизнестің дамуына ықпал ететін нысандар салу жоспарланған.
Аумақ қаланың бас жоспарына енді, келісу және мемлекеттік сараптамаға дайындық кезеңдері жүріп жатыр. Самал шағын ауданында орналасқан жер учаскесі 2023 жылдың жазында мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған дейін аумақтың бағалау құны бір миллиард теңгеге жуық болатын, — деп хабарлады әкім.
ПІКІР ЖАЗУ