Ерке Есмахан үйінде ақшаны кім ұстайтынын айтты

Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде оқырмандарын қызықтырған бірқатар сұраққа жауап беріп, отбасылық өмірі туралы сыр шертті. Өнер иесі үйінде ақшаны кім ұстайтынын айтты, деп жазады ozgeris.info тілшісі.

Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен байланысқа шығып, олардың сұрақтарына жауап берді. Өнер иесі екінші ұлының тұсаукесері туралы айтты. Ол Исламның тұсауын кім кесетінін жолдасы шешетінін жеткізді.

«Аллаға шүкір Ислам шауып жүр. Тұсауын кім және қашан кесетінін әкесі шешеді», — деп жазды әнші. Сонымен қатар эстрада жұлдызы үйінде ақшаны кім ұстайтынын ашық айтты. «Негізі сіздерге сол қызық? Маған мысалы біреудің үйінде ақшаны, бақшаны кім ұстайтыны мүлдем қызық емес екен. Ондай нәрсеге неге энергия құртасыздар? Қызық болса айта кетейін. Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм. Бірақ мен ақша сұрамайтындай картамды толтырып қояды», — деп жауап берді Ерке.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны