Шерзат Полаттың әкесі өз әрекетіне сай жазасын алады -депутат

Депутат Марат Қожаев Сенат куларында Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың қылмыстық ісіне қатысты пікір, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақпараттың бәрі жарияланды. Мен ақпаратты әртүрлі дереккөздерден оқыдым. Адам заңды бұзды, ол жауап беруі керек. Заң бәріне ортақ. Материал сотқа жіберілді, сот істі қарап, объективті шешім шығарды. Шерзат Полаттың әкесі өз әрекеті үшін жазасын алады», — дейді ол.

Оның айтуынша, мұнда мәселе сол күнгі адамның тәртібіне қатысты болып тұр.

«Полиция ол кісінің әрекетінің зиянын зерттеген ғой. Ол көліктің дөңгелегін кесіп тастаған ба? Мен оны өзім көрген жоқпын. Ақпаратқа сенсек, сондай. Ол келтірген зиянның сомасы 200 АЕК-тен (738 мың 400 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) асып кетсе, ол қылмыстық іс болады. Оның бәріне полиция зерттеулер мен тергеу өткізеді, сосын шешім қабылданады», — деді Марат Қожаев.