«Төрешілерге наразы»: қазақ боксшысы Азия чемпионатының марапаттау рәсіміне қатыспады (ВИДЕО)

Фото: olympic.kz

Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлде еншілеген қазақ боксшысы Дулат Бекбауов марапаттау рәсіміне шығудан бас тартты. Мұның себебін бокс федерациясының баспасөз хатшысы түсіндірді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеп.

Дулат Бекбауов 67 кг салмақ дәрежесіндегі финалда өзбек боксшысы Мужибилло Тұрсыновпен кездескен еді. Бұл жекпе-жекте төрешілер жеңісті Өзбекстан спортшысына берді. Кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Дулат Бекбауов қатысқан жоқ. KAZ.NUR.KZ тілшісі мұның себебін бокс федерациясының баспасөз хатшысынан сұрады.

«Дулат ақтық сындағы төрешілер шешімімен келіспейді. Сол себепті марапаттау рәсіміне шығудан бас тартқан», — делінген жауапта.

Айта кетейік, 29 жастағы Дулат Бекбауов осымен екінші рет Азия біріншілігінің күміс жүлдесін иеленіп отыр. Ол 2022 жылы Амман қаласындағы финалда Таиланд боксшысынан жеңілген еді. Сондай-ақ Бекбауов – 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!