Қазақстан мүфтияты жолда намаз оқуды жарамсыз деп атады

Фото: KazTAG

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі намаз оқу үшін жол жабу арқылы басқаларға зиян келтіруге болмайтынын хабарлады.

«Намаз оқу үшін жол жабу арқылы басқа адамдарға зиян келтіруге болмайды. Сондықтан намазға ерте келіп, арнайы орындарда отыруды, жолдарды бөгемеуді, көлік құралдарын тиісті орындарға қоюды, талаптар мен тәртіпті қатаң сақтауды сұраймыз», — делінген хабарламада.

6 желтоқсанда Алматының Орталық мешітіне жұма намазына алғаш келген жұрт мешіт ауласына сыйына алмады. Намаз басталар алдында мешіт қызметкерлері мешіт ауласына жиналғандарды орналастырды. Алайда жұма намазы басталғаннан кейін бес минуттық намаз мешіттің оң жағында, яғни М.Мәметова көшесінің жүргінші бөлігінде оқылды.

«Жолда намаз оқуға тыйым салудың негізгі себебі көлік қозғалысына кедергі келтірудің жолын кесу болып табылады. Жүріс бөлігімен жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы немесе жұмысқа асығып бара жатқан адам жүре алады. Көшені бес минутқа жабу да кептеліске әкеліп, көлік қозғалысына кедергі келтіреді», — делінген хабарламада.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!