Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сәйкес, қысқы каникул кезеңі 2024 жылдың 30-желтоқсаны мен 2025 жылдың 8-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады.
Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:
- «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» мектепішілік іс-шарасы;
- театр фестивальдері мен қойылымдары;
- жаңа жылдық әшекейлер жасау бойынша шеберлік сабақтары;
- қауіпсіздік сабақтары;
- мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;
- спорттық ойындар, коньки, шаңғы тебу;
- қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады.
ПІКІР ЖАЗУ