«Кейде соларды ойлап, жылап аламын»: Үшінші рет қызды болған Айсәуле Бақытбек қазіргі күйі туралы айтты

Фото: instagram.com/aissaulebakytbek

Танымал блогер Айсәуле Бақытбек үшінші бөпесін қалай бағып жатқанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Желі жұлдызы үшінші босануы өте жеңіл және қатты ауырсыну болмағанын жеткізді. Қараша айында үшінші қызын дүниеге әкелген еді.

“Бұл жолы бәрі жеңіл өтті. Мүмкін, есейіп саналы түрде қадам жасағанымыздан шығар?! Қорқынышты болғанымен соншалықты тез болды. Осыдан кейін тағы да босануға болады деп ойлап қалдым. Бірақ араға үзіліс салған дұрыс. Сонда ғана денсаулығың қалпына келеді”, – деді блогер.

Сондай-ақ жас ана қаншама күтушісі болса да, әлі дұрыс ұйықтамағанын айтты.

“Менің екі бала күтушім мен үй көмекшім бар. Сонда да әлі дұрыс ұйықтаған жоқпын. Балалар оянбай тұрып, шай ішіп алайын деген ой жоқ. Рахаттанып отыра алмаймын. Кейде соларды ойлап, жылап аламын. Бір баланы жалғыз бағу – ерлік. Ал бір жарым жастағы үш балаға қарауға сөзім жетпейді. Маған үш көмекшім болса да жеткіліксіз. Үш көмекшім бола тұра, ештеңеге үлгермеймін. Маған күйеуімнің туыстары мен ата-аналары және достары көмектеседі. Балаларыңыздың арасы бір жастан болса да, олармен сапалы уақыт өткізіп, дұрыс тәрбие беру – маңызды”, – деп жазды Айсәуле.