Астана қаласындағы «Qazaq Coffe» атты кофехана сынға қалды. Бұған себеп — қазақша мәзір болмағаны мен менеджердің бұл мәселеге жауабы болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
2ГИС бағдарламасында Qazaq Coffe қонағы болған Қайрат Ибраев кофехананы 1 жұлдызға бағалап, қазақша мәзір жоқ екенін айтты. Qazaq Coffе менеджірінің жауабы үшін дауға қалды:
Менің жұмысшыларым қазақша сөйлеуге міндетті емес. Ешқай мекемеде қазақ тілі толық қолданбайды, тіпті құжаттаманың өзі орысша мен қазақша жасалады, — деп жауап берді менеджер.
Менеджердің бұл жауабы елге ұнамай, көптеген адамдар «1 жұлдыз» қойып, өз наразылығын білдірді. Біраздан кейін Qazaq Coffe Instagram парақшасында кешірім сұраған мәтін пайда болды.
Біз кешірім сұраймыз! Бізде бүгін тағылымгер болған. Жұмыс телефоны қалыпты, сол тағылымгер пікір жазып, кетіп қалды. Бізді ұятқа қалдырды. Енді не істерімізді білмей отырмыз. Біз жақында ашылдық, барлығы әлі жасалған жоқ. Тағы да кешірім сұраймыз, — деп кешірім сұрады Qazaq Coffе.
Еске сала кетейік, ҚР Конституциясы бойынша сатушы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін тауар (жұмыс, қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге міндетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ