«Қазақтардың кітабын оқып, жағаларын ұстаған»: Журналист Ресей ғалымдары еліміздің тарихы туралы қандай пікірде екенін айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Ara.media.kaz Ресей ғалымдарының ТМД елдері мен таяу Шығыс мемлекеттерінің тарих оқулықтарын тексергені туралы видео жариялады. Журналистің сөзінше, ресейлік тарихшылар Қазақстанның тарих оқулықтарын көріп жағаларын ұстаған, — деп жазады ozgeris.info тілшісі.

«28-қыркүйекте Ресей ғылым академиясының бір топ ғалымы қорытынды шығарды. Мұны Ресей ақпарат құралы РБК жазды. Бұл қорытындыда Ресей тарихшылары ТМД елдері мен таяу Шығыс мемлекеттеріндегі тарих оқулықтарында Ресейдің жағымсыз образы қалыптасқанын, постсоветтің оқулықтарында Ресей отаршыл мемлекет деп көрсетілген, дейді. Сондай-ақ алғашқылардың бірі болып Қазақстан мемлекеті аталған. Еліміздің мектеп оқулықтарын тексеріп көріп, жағаларын ұстаған. Қазақстан Ресей империясының әскери отаршылдық экспансиясы деп жазады екен. Совет үкіметінің саясатын сынайды екен т.с.с деп пәле-жаланы үйіп-төккен», — дейді Асылхан Мамашұлы.

Тілшінің айтуынш, Ресей тарихшыларының бұл тұжырымы біздің елге бірден жеткен.

«Ресей тарихшыларының мұндай қорытындысы Қазақстанға да жетті. Саясаттанушы Сұлтан Әкімбековке де, Асхат Аймағамбетовке де Ресей тарихшылырының бұл қорытындысы ұнамаған. Асхат Аймағамбетов бұл жай ғана тарихшылардың пікірі оған назар аудармаған жөн, деді. Яғни, бұл қорытынды Путиннің жиынынан кейін шыққанын білмей отыр, білсе де айтпай отыр», — деді ол.

Асылхан Мамашұлы РФ президенті Путиннің көмекшісі Владимир Мединскийдің елімізге сапарын айтып өтті.

«Путиннің жиынынан соң Ресей СІМ мен Оқу-ағарту министрлігі көрші мемлекеттерінің мұндай әрекетеріне реакция білдіру қажет деген тоқтамға келеді. Осы жиында баяндама жасаған Путиннің көмекшісі Мединсий дереу Астанаға жетіп қыркүйектің 29-ында Ерлан Қаринмен кездесті. Ресми ақпаратқа сүйенсек, Қарин мен Мединский мәдени-гуманитаралық саладағы қарым-қатынасты дамытып, бірлескен гуманитарлық жобаларды жүзеге асыруға келіскен», — дейді журналист.

Журналист Мединскийдің шын мәнінде кім екеніне де тоқталып өтті.

«Мединский кім? Қазір Путиннің көмекшісі болған ол бұрын Ресей думасының депутаты, Мәдениет министрі болған адам. Ресейдің пропагандасын жасаушы адам ретінде Батыс санкциясына іліккен. Forbes журналы оны Путиннің идеологиялық кланының адамы ретінде сыйпаттайды. Мединский тарихшы емес, пиар-технолог болса да орыс тарихы туралы кітап жазумен айналысады. Сөйтіп жүріп докторлық диссертация қорғаған. Оған Ресейдің шынайы тарихшылары қарсы шығып, ғылыми атағынан айыруды сұраған», — деп түйіндеді ол.

Сөз соңында дәлел ретінде жазушы, журналист Сергей Пархоменконың Мединскийдің тарихшы емес, дереккөздермен жұмыс істей алмайтын алаяқ екенін айтқан видеосын жариялады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @ara.media.kaz