Маңғыстауда өз-өзін өртеген ер адамның талабы қандай болды?

Caravan.kz

Кеше Маңғыстау облысы әкімдігінде қайғылы жағдай орын алды. Жұмыс сұраған ер адам үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өзін өртеген, деп хабарлайды ozgeris.info.

Блогер Азамат Сарсенбаевтың айтуынша, зардап шеккен азамат бұған дейін Samruk Business Academy арқылы «Токмақ» тұщыландыру зауытының құрылысында уақытша жұмыс істеген. Оның келісімшарты бір жылға ғана созылған.

Мерзімі аяқталғаннан кейін ер адам зауытқа тұрақты жұмысқа тұруға тырысқан, бірақ бұл өтініші қабылданбады. Оның айтуынша, несие қарызы болғандықтан, тұрақты жұмыс табу қажет еді. Әкімдік тарапынан өзге бос орындар ұсынылғанымен, ер адам олардан бас тартып, егер талаптары орындалмаса, өзін өртейтінін айтқан.

Зардап шеккен азамат өңір әкімімен жеке кездесуді талап еткен. Бірақ оған рұқсат берілмеген соң ол өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта оның жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

Полиция оқиға бойынша «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» фактісімен қылмыстық іс қозғады.