Ғалымдар: «Сағыну, өткенді еске алу ауруды басады»

Фото: img8.socratify.net

Өткен шақты сағыну, естелікке берілу жанға батқан ауруды сәл де болса жеңілдететін болып шықты. Бұл жайында «knife.media» жазды деп хабарлайды «ozgeris.info».

Бұл бағыттағы тәжірибеге өз еркімен қатысқан 34 адамды зерттей келе қытай ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр.

Тәжірибе кезінде адамдарды жылудың әсеріне ұшыратып көрді. Оның қолайсыздық деңгейін ескі мультфильмдердегі кадрларды, балалар ойындарының суреттерін және ретро кәмпит орамдарын қарау арқылы бағалады. Осымен қатар бір мезгілде магнитті-резонансты томография аппараты көмегімен олардың ми белсенділігі қадағаланды.

Нәтижесінде балалық шақтағы естеліктің ауруды сәл де болса ұмыттыратыны анықталды. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Джо Иашуо Конгтың айтуынша, адамдар қолайсыздық пен жайсыздықты еңсере отырып, жағымсыз тәжірибелерді қайта ой елегінен өткізуі үшін сағынышқа берілуі мүмкін. Сағыныш негізінде жағымды эмоцияға жатады.

 

«ozgeris.info».