«Екі аяғымызды бір етікке тығатын»: Мақпал Жүнісова күйеуге шығу туралы айтты

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова құрылысы біткен үйінің алдын сыпырып жүріп, қазіргі жастардың әлсіздігін сөз етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Танымал әнші ата-анасы жастайынан еңбекке қалай баулығанын айтып, қазіргі жастар туралы ойын ашық айтты,

«Шешеміз екі аяғымызды бір етікке тығатын. «Ей қыз, тұр орныңнан» деп айтқанда жүгіріп кететін едік. Содан жаман болған жоқпыз. Қазіргі жастар тез шаршап қалады. 4-5 кесе мен 2-3 тәрелке жуса, шаршайды. Баяғыда әке-шешеміз жастайымыздан еңбекке баулушы еді. Қазіргі жастарды «жалғызым, демалсыншы, шаршап қалмасыншы» деп шығады», – деді Жүнісова.

Бұдан бөлек, шоу-бизнес өкілі жөндеу жұмыстары жасалған үшқабатты үйін көрсете алмайтынын айтты.

“Шешем тіл-көз бар, үйіңді көрсетпе” деді, сол үшін көрсете алмаймын. Бірақ толық аяқталды. Күйеуге шығу туралы айтсам, еңбекқор адам болып жатса көрерміз. Бір жатыпішер кездеспесе болғаны”, – деп жазды халық әртісі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...