Қазақстандық әнші Зарина Омарова артық салмақтан туындаған өмірлік қиындықтары туралы алғаш рет ашық айтты. Ол кезінде 95 кг салмаққа жетіп, осының кесірінен күйеуінің ұятқа қалғанын еске алды. Бұл туралы ол жақында берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Зарина күйеуінің достарымен бірге болған кезде өзін ыңғайсыз сезінгенін және олардың жанынан қуылып қалғанын айтты. Бұл оқиға оған қатты әсер етіп, үйіне барып, түнгі үшке дейін көз жасын төгуге мәжбүрлеген.
Осы сәттен бастап Зарина өмірін түбегейлі өзгертуге шешім қабылдаған. Артық салмақпен күресіп, өзіне деген сенімділікті қайтарып, бүгінгі күнде халыққа жігер беретін тұлғаға айналды.
Оқырмандар арасында бұл оқиға қызу талқыланып жатыр. Кейбірі жолдасын айыптаса, енді бірі оны қолдап отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ