АҚШ конгрессмендері екі жылдық тергеуден кейін COVID-19 вирусының шығу тегі Уханьдағы зертханамен байланысты болуы мүмкін деген тұжырымға келді. Бұл туралы ресми мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Америкалық заң шығарушылардың айтуынша, вирус биологиялық ерекшеліктерге ие, олар табиғатта әлі кездеспеген. Сонымен қатар, 2019 жылдың күзінде Ухань вирусология институтының бірнеше зерттеушісі ковидке ұқсас белгілермен сырқаттанғаны анықталды. Бұл жағдай COVID-19 алғаш рет тіркелгенге бірнеше ай бұрын орын алған.
АҚШ тергеу барысында жинақталған деректер вирустың табиғи жолмен емес, зертханадағы ақаулар салдарынан таралуы мүмкін екенін көрсетті. Алайда, Қытай үкіметі бұл теорияны үзілді-кесілді жоққа шығаруда.
Бұған дейін COVID-19-дың Уханьдағы жабайы жануарлар базарынан таралғаны туралы болжамдар жасалған еді. Бірақ жаңа деректер бұл нұсқаның сенімділігін төмендетуде.
Әлемдік қауымдастық COVID-19-дың нақты шығу тегін анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Қытай тарапы зертханалық теорияны «негізсіз айыптау» деп атады және тергеу барысына қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Ақпарат tengrinews.kz сайтынан алынған.
ПІКІР ЖАЗУ