Украина мен Ресей арасындағы келіссөз онлайн форматта өтеді

Фото: Adobe Stock
Украина мен Ресей арасындағы келіссөз 1 сәуірде қайта өтетін болды, деп хабарлайды «ozgeris.info».
Бұл туралы «Слуга народа» фракциясының өкілі, Украина делегациясының мүшесі  Давид Арахамия өзінің телеграм каналында мәлім етті. Тек бұл жолғы кездесу онлайн форматта ұйымдастырылады.
Айта кету керек, екі елдің өкілдері осыдан екі күн бұрын Түркияның Ыстамбұл қаласында жүздескен болатын. Кездесуде бірқатар мәселе талқыланып, ұсыныстар айтылды. Бірақ Давид Арахамияның айтуынша, ешбір құжатқа қол қойылмаған.

 «ozgeris.info».