Қостанай қалалық мәслихатының депутаты Арман Есмағамбетов шуба жарнамасына түсіп, желіні дүр сілкіндірді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Желіде жарияланған роликте депутаттың киім кию стилі мен актерлік ойыны қызу талқыға түсті.
Бейнероликте Есмағамбетов қызғылт түсті ұзын шуба киіп, жолда көлікке тап бола жаздайды. Құтқарылғаннан кейін ол шубаны мақтап:
«Шын ба??? Мұндай тонды байқамайсыз ба?» – деп ашулы үнмен жүргізушіге айғайлайды.
Кейін ол мех дүкеніне барып, екі әріптесімен бірге шубаларды жарнамалай бастайды. Бір қызығы, роликтің ортасында розовый шубасын ақ түске ауыстырып үлгереді. Рекламаның соңында әріптесі Есмағамбетовке қарап:
«Кожа!» – деп аяқтайды.
ПІКІР ЖАЗУ