Апелляция қабылданбады: Нұрасыл Болат колонияға жіберілетін болды

Фото: tengrinews.kz

Нұрасыл Болат (Дәулет Тұрлыхановтың ұлы) колонияға барады — сот бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Істі Алматы қалалық сотының апелляциялық сатысы қарап, сотталған адам мен оның адвокаттарының жеке шағымын қанағаттандырусыз қалдыруға шешім қабылдады.

«Апелляциялық қаулы жария етілген сәттен бастап күшіне енеді және кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайды», — деді судья.

Ол бірінші сатыдағы сот оған бас бостандығын шектеу түрінде үкім шығарғанын, алайда ол үкімді орындау тәртібін бұзғанын еске салды.