Алматы қаласында жер үйлердің бірінен ерлі-зайыпты қарт кісілердің мәйіті табылды. Ер адам 87 жаста, ал әйел 89 жаста болған, деп хабарлайды ozgeris.info.
Алматы қаласының Полиция департменті кісі өлтірді деген күдік бойынша 56 жастағы әйел ұсталғанын хабарлады. Полиция мәліметінше, ол қарт кісілердің танысы болған.
«Түрксіб аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, 56 жастағы әйел жанжал кезінде өзінің таныстарын өлтірген. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
ПІКІР ЖАЗУ