Қазақстанда газ баллондары шығарылуы мүмкін

uralskweek.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев елімізде осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Ол бағдарлама барын, газ баллондарын шығара алатын отандық өндірушілер табылғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев газ баллондарына толық бақылау жүргізілетінін атап өтті.

«Газ баллоны шығарылған сәттен бастап оның соңғы рет пайдалануға дейін цифрландырылған түрде толық бақылау жүргізіледі», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

ӨҚМ Қорғаныс өнеркәсіп кешені департаменті директорының орынбасары Асқар Тамаев түсіндіріп өткендей, қазірдің өзінде отандық ұйымдар газ баллондарын шығаруға және сервистік қызмет көрсетуге қызығушылық танытып отыр.

«Бұл отандық ұйымдар жылына 65-70 мың тұрмыстық газ баллонын шығара алады», — деді спикер.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!