Танымал әншілер Дариға мен Олжас Абай тойда ән айтып, елдің назарын тағы аударды. Әлеуметтік желіде екеуінің бірге ән айтып, қол ұстасып тұрған видеосы тарады. Бұл видео желі қолданушылары арасында қызу талқы туғызды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Видеода олардың бір-біріне жақын тұрғаны, бір-бірінің қолдарын ұстап тұрған сәттері байқалады. Осы көрініс көпшіліктің: «Араларында шынымен не бар? Бұл жай ғана өнердегі серіктестік пе, әлде махаббат па?» деген сұрақтарын тудырды.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Біреулер екеуінің қарым-қатынасын сынаса, енді бірі олардың жеке өміріне араласпау керектігін айтты. «Олар тек әншілер ғана емес, жеке адамдар, жеке өмірлері бар», – деп пікір қалдырды қолдаушылар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ