16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызы су жаңа пәтер сатып алды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Қуанышты жаңалықты блогер Сымбат Абайқызы жеке парақшасында жариялады. Аii_officiiall аккаунтымен тіркелген Айгерім Абдуллаеваның пәтерін сатып алған.
“Біз үйлі болдық. Аллаға сансыз шүкір! 104 шаршы метр, 3 бөлмелі пәтер иелері атандық. Негізі Мұстафаның үйленерге дейін Алматыда 1 бөлмелі пәтері болды. Бас екеу болған соң ол үйге сыймай үлкен үй алайық деген шешімге келіп, міне, бүгін сол арманымызға жетіп жатырмыз. Бұл үйді де бір күннің ішінде іздеп, тауып, бүгін көшіп жатырмыз», – деп жазды Сымбат.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, құттықтап жатыр.
“25 жасымызда әлі үйсіз жүрміз, 16 жаста қалай алуға болады”, “Қыз жасауы өте көп келді жігіттің үйіне сыймай қалған сияқты”, “Байдың қызы ескі пәтерді менсінбеді”, “Ата-енесі алып берген шығар”, “Блогер Аийдың үйін сатып алыпты”, “Қонақтарға деп айта бермеңіз, ең әуелі өздеріңе құтты шаңырақ болсын”, – деп жазды көпшілік.
ПІКІР ЖАЗУ