ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы Бішкекте өтеді

Фото: Ақорда

ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы Бішкекте 2025 жылы өтеді. Бұл туралы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі кезекті сессиясының кеңейтілген құрамдағы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясын 2025 жылдың IV тоқсанында Қырғыз Республикасында өткізу ұсынылады. Егер қарсылық болмаса, бұл мәселені келісілді деп санап, тиісті хаттамалық шешімді рәсімдеуді ұсынамын. Қарсылық жоқ», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы шағын және кеңейтілген құрамда өтті. Онда Мемлекет басшысы Қазақстан төрағалық еткен кезеңде ҰҚШҰ-ның алдындағы міндеттердің бәрі орындалғанын айтты.