Журналист Полина Шиманская әлеуметтік желідегі парақшасына балалар спорт мектебіндегі адам шошырлық әжетхананың суретін жариялады, — деп хабарлайды ozgeris.info.
Жазылған пікірлерге сүйенсек, сурет Алматы қаласындағы спорт мектептерінің біріне тиесілі.
«Балалар баратын спорт мектептеріне мониторинг жүргізуді қайта бастадық. Бұл мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын 5-БЖСМ(Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі). Мұнда садақшылар киім ауыстырады. Қазіргі спорт мектептерінің жай-күйін бұдан артық суреттеуге келмейді. Толық ақпаратпен кейін бөлісемін», — деді журналист.
Желі қолданушылары да журналист жариялаған суреттен шошынып қалғанға ұқсайды.
«Алматы? Қандай аудан?», «Мынау сұмдық!», «Мемлекет қандай болса, әжетхана да сондай», «Барлық университеттегі жағдай осы», «Мынау күлетін нәрсе емес», — деп жазды олар.
ПІКІР ЖАЗУ