Алматы маңындағы «Асыл Арман» тұрғын-үй кешенінде автобус 7 жасар баланы басып өлтірді. Тұрғын-үй кешенінің тұрғындары қайғылы оқиға орнына жиналды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Халық бар проблемалар туралы шенеунікке айтып жатқан көрінеді. Олар мектеп салуды және балаларының қауіпсіздігі үшін жағдай жасауды талап етті.
Сіздер бізді естіп жатқан жоқсыздар! Қаншама хат жаздық «бұл жерде кішкентай балалар жүреді» деп. Осы жағдайды күттіңіздер ма? Менің 8 балам бар, ертең менің балам да болуы мүмкін. Мен мұны естігенде мен «менің балам емес па екен» деп жүгірдім. Әр ата-ана өз баласы үшін жүгірді бұл жерге. Неге бізді естімейсіздер? Тоқаев мырза, мұндай әкімдермен адам болмаймыз!, — дейді жиналған халық.
Айта кетейік, жергілікті тұрғындар бірнеше рет аялдама павильонын орнатуды өтінді, бірақ биліктен жауап келмеген еді.
ПІКІР ЖАЗУ