«Жас қызбен көрдім»: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртастың әйелі кім екенін айтты

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жұбайы Қайрат Нұртасқа қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі оқырмандарымен сырласып, оларды қызықтырған сұрақтарды жауапсыз қалдырмады.

“Қайратты жас қызбен көргенде, “мынаның әйелі бар емес пе” деп ойлап қаламын”, – деп жазды бір оқырман.

“Мен де кейде солай ойлап қаламын. Оның әйелі кім еді?! Белгілеп кетіңіздерші”, – деп әзілдеді актриса.