“Внимание жетпей жүр-ау”: Әнші Мәдина Сәдуақасоваға не болған?

Бейнеден кадр

Әлеуметтік желілерде танымал әнші Мәдина Сәдуақасованың микрофонды жұлып алып, ән айтқан видеосы тарады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұл видео халық арасында қызу талқыға түсті. Кейбір желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін түсінбей:
“Мас па?”,
“Внимание жетпей тұрған сияқты,” – деп сын айтса, енді біреулері:
“Қатырдым деп тұр ғой,”
“Көре алмайтындар, алдымен осы қыздың дәрежесіне жетіп алсаңдаршы,” – деп Мәдинаны қолдауда.

Әншінің бұл әрекеті шынайы еркелік пе, әлде жай көңіл көтеру үшін жасалған бейнебаян ба, әзірге белгісіз. Мәдина Сәдуақасова бұл туралы ешқандай пікір білдірген жоқ.

Желі қолданушылары арасында қызу пікірталас әлі де жалғасуда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE’s 🇰🇿 (@zhuldyzdy_news)