“Бір болайықтың” бұрынғы қатысушысы Ерасыл Жакенов бағдарламаның артын ашты

Бейнеден кадр

«Бір болайық» бағдарламасының бұрынғы қатысушысы Ерасыл Жакенов Ерболат Уашевқа берген сұхбатында көпшілікті таңғалдырған мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ерасылдың айтуынша, бағдарламадағы барлық әңгімелер мен әрекеттер сценарий бойынша өтеді. Сонымен қатар қатысушыларға ай сайын еңбекақы төленген.

Бұл жаңалық әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Желіде:

  • «Шах естімесін, мынауың сатқын ғой»
  • «Ерасыл статистика түсіп қалды ма? Не болды сонша?»
  • «Тағы штраф төлеп жүрме?»
  • «Бәсе, білген едім»
    деген пікірлер айтылуда.

Ерасыл Жакеновтің бұл мәлімдемесі шоу көрермендері арасында жобаның шынайылығына деген күмәнді күшейтті. Бағдарлама өкілдері бұл жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Еске сала кетсек, «Бір болайық» – қатысушылардың шынайы өмірлік жағдайларын көрсететін реалити-шоу ретінде таныстырылған жоба. Алайда бұл мәлімдемеден кейін оның қаншалықты шынайы екені талқыға түсті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE’s 🇰🇿 (@zhuldyzdy_news)