«Төге бер деді»: Түркістан облысының ауыл әкімдері табиғатты ластауға рұқсат бере ме?

Фото: видеодан кадр

Айбек Смайылов атты Facebook қолданушысы өз парақшасында Түркістан облысы, Керегетас ауылының мағындағы жайылымда бөтен адамдар өз қоқыстарын төгетінін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оның айтуынша, қоқысты Сарыағаш ауданындағы Көктерек ауылының тұрғындары төгеді.

Жылдар бойы Түркістан облысы, Келес Ауданы, Біртілек ауылдық округі, Керегетас елді мекеніне қарасты жайылым жерге Сарыағаш Ауданы Көктерек Ауылдық Округі халықы әлі күнге қоқыстарын тастау үстінде. Бізге қарасты жер емес жер деп жауапкершіліктен қашып жүрме екен әлде округ әкімі Үміт Тұржанова ханым, бұл мәселе қаншама жылдан бері көтеріліп келе жатқан халық тарапынан. Сондықтан ертерек шешімін тауып бұл полигонды жауып тастау керек. Сарыағаш Аудандық Сэбб басшылығы сіздер не қарап отырсыздар мұндайға жол беріп?

Көктерек ауылдық округінің әкімдігі бұл мәселе назарға алынғанын айтты.

Сарыағаш ауданы Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының теңгеріміндегі , шекаралас жатқан Келес ауданы Біртілек ауылдық округінде орналасқан қатты тұрмыстық қалдық полигонында 2024 жылы тазалық жұмыстары жүргізіліп, аудан әкімдігінің қаулысымен полигон жабылған, рекультивация жасату мақсатында полигон 2025 аудандық бюджетке қаржы қарауға ұсынылған. Түсірілген бейнетаспа ауданның ІІБ анықтау жұмыстарын жүргізуге жолданды, Көктерек ауыл әкімі тарапынан тұрғындарға қоқысты кез келген орынға тастай берсін деген әңгіме айтылмаған. Сондай-ақ, Көктерек кентінің аумағында Жартытөбе ауылдық округінің полигоны орналасқан, тазалық жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ауыл әкіміне хат жолданған. Көтерілген мәселе назарға алынды.

Сарығаш ауданының СЭББ бейнежазба авторына құқық бойынша электронды өтініш жаза алатынын еске салып, автордың жауабына «ҚР ӘРПК- не сәйкес тәртіп сақталуы тиіс екендігін» айтты.